Эссе "Тәуелсіздік-тұғырым», Машен Алуа

Мен АХМ-ң тоғызыншы сыныбында білім алып жатырмын. Қазақ тілі сабағында ұстазымыз "Тәуелсіздік-тұғырым" тақырыбында ой-толғау жазуымызды сұрады.Ендеше,қабыл алыңыз! Мен өз еліммен,тәуелсіздігіммен мақтанамын! Мен ой толғауымды осылай бастағым келеді. Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатыр, бірақ ол қандай бағаға ие болды?

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ, оны алу үшін көп уақыт қажет болды. Отан үшін, оның болашағы үшін көп адам күрескен. Қазір әр қазақстандық 1991 жылдың 16 желтоқсаны атаулы күн деп санайды. Біздің еліміз көпұлтты, бізді Отанымыз, достық, сыйластық, өзара көмек және ортақ мәдениет біріктіреді. Қазақстанда 19 миллионнан астам халық тұрады, бұлардың ішінде бірнеше ұлттар өмір сүреді. Қазір біздің мемлекет тек күшті және еркін ғана емес, сонымен бірге дамыған ел.

Біздің бостандығымызды көрсететін мемлекеттік рәміздеріміз бар. Қазақстанның мемлекеттік туындағы көк түс ашық аспанды, бейбітшілік, берекені, және еліміздің бірлігін білдіреді. Күн байлық пен молшылықты, өмір мен қуатты бейнелейді. Бұл ҚР-ң қуатын және еркіндігін көрсетеді. Күн астында қалықтаған қыран мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен тұрақты болашаққа ұмтылғанын паш етеді.

Елтаңбамыз бен Әнұранымыз да бар. Шаңырақ бейнесі елімізде тұратын барлық халықтардың ортақ үйі, ортақ Отаны туралы айтады. Мемлекеттік Елтаңбадағы тұлпарлар ерлік, адалдық, қайрат сияқты ұғымдарды бейнелейді. Тұлпарлардың алтын қанаттары жүгерінің алтын масағына ұқсап, қазақстандықтардың еңбекқорлығын көрсетеді. Республиканың мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір рәміз – бес бұрышты жұлдыз. Ол Қазақстан халқының әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастыққа ұмтылысын, ашық ел құруға деген ниетін көрсетеді.

Әнұран ше? Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Оны әр адам білуге және құрметтеуге тиіс. Мектебімізде әр дүйсенбіде мемлекетімізге құрмет көрсету үшін біз әнұранды айтамыз.

Біздің де өз ұлттық  теңгеміз бар. Ол да мемлекетіміздің тәуелсіздігінің белгісі.

Қорытындысында, бұрын бізге оңай болмағанымен, қазір  біз азаттық, тәуелсіз мемлекет ретінде дамып келеміз. Сіздерді Республикамызды құрметтеуге, оның тарихын білуге шақырамын. Бәріңізді Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын!

Контакты

Казахстан, г. Алматы, Сатпаева, 40Б

  • +7 (727) 274-48-08

  • +7 (727) 274-75-25

  • info@isoa.kz

Карта

International school of Almaty © 2000-2018. САЙТ СОЗДАН ДИЗАЙН-СТУДИЕЙ APPLE CITY CREATIVE

Search