БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІ
Қор мектептеріндегі білім беру процесі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (ҚР МЖМБС) мен Халықаралық бакалавриат бағдарламаларының кіріктірілуі негізінде құрылған.
Баланың қызығушылықтарын, қажеттіліктерін және қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау, оқу процесінде әртүрлі стратегиялар мен оқыту технологияларын пайдалану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға, олардың жеке тұлға ретінде өсуіне, дербес және сыни ойлауын дамытуға жағдай жасайды.
Қор мектебі біріктірілген оқу бағдарламасын қолдайтын студенттерді қабылдайды. Студенттерді қабылдау және есепке алу Мектепке қабылдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
ОҚУҒА ҚАБЫЛДАНУ ТӨМЕНДЕГІ ЖАЙТТАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:
- Тиісті сыныпта бос орындардың болуы (сыныптағы балалар саны 20 адамнан аспауы керек)
- Қабылдау тестінің нәтижелері
- Үміткермен интервью
- Психологпен әңгімелесу (тек балабақша, мектепке дейінгі мекеме және 1-сынып оқушылары үшін)
МЕКТЕПКЕ ТҮСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
- Ата-анасының/қамқоршысының қолы қойылған мектепке қабылдау туралы өтініші
- Туу туралы куәлігі немесе төлқұжаты (көшірмесі)
- Студенттің (3Х4) суреті 2 дана
- Денсаулық төлқұжаты (төлнұсқасы) және егу парағы
- Өткен жылдардағы үлгерім туралы құжаттар
- Негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік (10-11 сынып оқушыларына)
- Бұрыңғы мектептен алған кету талоны
МЕКТЕПКЕ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мектепке қабылдау әр оқу жылының 20 тамызынан 15 маусымына дейін жүргізіледі. Жаңадан келген студенттердің көбісі 1 тоқсанның басынан бастап сабаққа кіріседі. Оқу жылы ішінде студенттерді тиісті сыныптарға қабылдау бос орынға байланысты болуы мүмкін.
Қабылдау комиссиясының қызметкерлері, бастауыш/орта мектеп директорының орынбасары қабылдау процесін ұйымдастырады. Оқушыларды қабылдау туралы соңғы шешімді Мектептің қабылдау саясатына сәйкес мектеп директоры қабылдайды.
МЕКТЕПКЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТЫ МЕН ТӘРТІБІ
- Ата-аналар мектепке келу уақытын алдын ала белгілейді.
- Ата-аналар өтініш толтырып, тестілеу күнімен келіседі.
- Үміткер тестілеуден өтеді.
- Үміткердің тестіленуі туралы және құжаттарды, қабылдау жөніндегі кеңсе жетекшісі және директордың орынбасары қарайды.
- Қажет болған жағдайда үміткер психологтің қосымша тестілеуінен өтеді.
- Мектепке түсу немесе бас тарту туралы шешім қабылданады.
- Қабылданған шешім туралы ата-аналарға тестілеуден кейін 5 жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
- Ата-аналар оқыту/тәрбиелеу және балаға білім беру келісім-шартына қол қояды, кіру жарнасын төлейді.
БАСТАУЫШ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ (1-5 СЫНЫПТАР)
Оқуға қабылдау баланың жасын ескере отырып, қабылдау тестісінің нәтижесі негізінде жүзеге асырылады.
Түсу тестілеуі:
Математика (мектептегі оқыту тілдерінің бірінде: орыс немесе ағылшын тілдерінде);
Ағылшын және орыс тілі (оқыту тіліне сәйкес);
Ағылшын тілі (ағылшын тілі ана тілі болып табылмайтын шетелдік студенттер үшін);
Психологпен және логопедпен әңгімелесу (1-2-сыныптар үшін)
Мектепке қабылдану үшін тестілеудегі ұпайлар саны 60%-дан төмен болмау керек.
НЕГІЗГІ МЕКТЕПКЕ (6-10 СЫНЫПТАР) ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 11-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ
Түсу тестілеуі:
Орыс тілі
Ағылшын тілі
Математика
Мектепке түсу үшін әр пәннен білім деңгейі аз дегенде 60%-дан кем түспеу керек. 50-59% ұпай жинаған студенттер директордың орынбасарымен сұхбаттасудың қортындысы бойынша мектепке сынақ мерзімімен қабылдануы мүмкін (Мектепке қабылдау саясатын қараңыз)
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Бейімделу кезеңі
Барлық жаңадан келген студенттер үшін бейімделу кезеңі 4-6 аптаға белгіленеді. Осы кезеңде сынып жетекшісі, мектеп психологі, пән мұғалімдері және әкімшілік жаңадан келген студенттердің оқу жетістіктерін бақылап, қажет болған жағдайда қолдау көрсетеді.
Сынақ мерзімі
Қабылдау тестілеуінде 50-59% жинаған оқушылар мектеп директордың орынбасарымен сұхбаттасудың қортындысы бойынша мектепке сынақ мерзімімен оқуға түсуге болады. Сынақ мерзімінің ұзақтығы - 3 айды құрайды. Бұл кезеңнің соңында оқушының үлгерімі талданып, оның мектепте одан әрі білім алуы туралы шешім қабылданады.
Мінез-құлық ережелері
Мектеп қауымдастығының барлық мүшелері (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, мектептің техникалық және көмекші қызметкерлері) мектептің Тәртіптік саясатын біледі және орындайды. Жаңадан келген оқушылардың ата-аналары бұл құжатты сынып жетекшісімен бірінші ата-аналар жиналысында қарастырылады немесе мектептің Тәртіптік саясатымен өз бетінше танысады. Ата-аналар балаларының барлық мектеп ережелерін сақтауын және себепсіз сабақтан қалмауын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
МЕКТЕПТЕН ШЫҒАРУ
Мектептің мектеп ережелерін өрескел бұзғаны үшін студентті оқуын тоқтата тұруға немесе оқудан шығаруға құқығы бар (АХМ Ережелер жинағын қараңыз).
АТА-АНА РОЛІ
Ата-аналар баласының мектеп ережелері мен ережелерін сақтауына жауапты. Ата-аналар өз балаларына сабаққа кешігіп келуіне жол бермей, ұқыптылығын, тәртібін және мектеп формасын қадағалап көмектесе алады. Ата-аналар баланың мектептегі жетістіктері мен туындаған мәселелері туралы ақпарат алу үшін сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен байланыста болуы керек. Қажет болған жағдайда ата-аналар мектеп әкімшілігіне хабарласа алады.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚШЫСЫ
Бала мектепке түскен кезде ата-аналар баланың денсаулық жағдайы туралы Денсаулық төлқұжаты (бұрынғы және созылмалы аурулары, аллергия, тағамға төзбеушілік туралы және т.б. деректері) және вакцинация парағын ұсынуға міндетті. Ата-аналар баланың басқа балалар мен мектеп қызметкерлерінің денсаулығына зиян тигізетін жұқпалы ауруды жұқтырған жағдайда мектепке дер кезінде хабарлауы қажет. Қажет болған жағдайда балаға мектепте алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес жыл сайынғы медициналық тексерулер мен егулердің кестесі жасалады. Мектеп дәрігері ата-аналарды алдағы екпе мен медициналық тексерулер туралы дер кезінде хабардар етеді.
ҚАУІПСІЗДІК
Білім қорының мектептері тәулік бойы студенттердің қауіпсіздігін және мектеп мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді. Мектеп ғимараттары мен іргелес аумақтарға бейнебақылау камералары орнатылған.
АҚПАРАТ ҚАУІПСІЗДІГІ
Мектеп студенттердің фотосуреттері тек ата-анасының келісімімен ғана пайдаланылатынын қамтамасыз етеді. Егер ата-аналар балаларының фотосуреттерінің немесе бала мен отбасы туралы мәліметтердің мектептегі іс-шараларда оқу мақсатында пайдаланылуын қаламаса, бұл туралы мектепке жазбаша түрде ақпарат беру керек.
БАЛАЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ
Білім қорының мектептері балаларды (мектепке және мектептен) тасымалдау қызметін ұсынбайды.