article_qaz.jpeg

Соңғы алты айда бүкіл АХМ қауымдастығы қиын кезеңді бастан өткізіп, мүлдем ерекше жағдайға тап болды. Біз алғаш рет ата-ана тарапынан қорқынышты айыптауларға, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының теріс және біржақты көзқарастарына ұшырадық, әлеуметтік желілерде айыптаулар мен көптеген орынсыз пікірлер алдық. Мұның бәрі әлі ештеңе дәлелденбеген жағдайда болды.

Мұндай оқиға мектеп аумағында болмайтынына бәріміз сенімді болдық, өйткені ата-аналарымыз үшін балаларының бірнеше ұрпағын АХМ-де оқыту дәстүрге айналған. Бұл жерде барлығы бір-бірін жақсы біледі, мектеп бір үлкен отбасы сияқты өмір сүреді! Мұны сіздердің ешқайсыларыңыз балаларыңызды мектептен алып кетпегендіктеріңіз дәлелдейді.

Біз бәріміз ананың айтқаны сұмдық екенін түсіндік және бүкіл елмен бірге баланың жағдайы туралы алаңдадық. Мектеп алғашқы күндерден бастап құқық қорғау органдарына көмек көрсетті, олардың сұрауы бойынша тергеу үшін қажетті барлық материалдар дереу ұсынылды. Сонымен қатар, мектеп айыптаулар туралы хабардар болғаннан кейін, ата-аналар қоғамының өкілдері үш күн ішінде баламен мектеп аумағында қандай да бір заңсыз әрекеттердің болу, болмауына көз жеткізу үшін барлық бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият қарап шықты. Мамандандырылған ұйым мектептің бейнебақылау жүйесінің жұмысына техникалық аудит жүргізді, ол жүйенің дұрыс жұмыс істейтіндігін және бейнежазбалардан жекелеген фрагменттерді жоюдың техникалық мүмкіндігінің жоқтығын растады.

Мектеп процеске қатысушы болмағандықтан, бізде осы айлар бойы тергеу барысы туралы ешқандай ақпарат болған жоқ, бізде елдің ақпараттық кеңістігіне түсініктеме беруге және мәлімдемелермен шығуға мүмкіндік болмады. Осы уақыт ішінде біз тергеудің аяқталуын және нәтижелердің жариялануын шыдамдылықпен күттік.

Тергеудің аяқталғаны туралы біз 27.02.2024 жылы Полиция департаментіне мектеп қызметкерлерінің, сервердің және қатты дискілердің жеке істерін қайтару туралы сұрауымызға жауап алғаннан кейін кездейсоқ білдік. Белгілі болғандай, кейбір БАҚ-та 09.02.2024 жылы қылмыс оқиғасының болмауына байланысты іс 2024 жылдың 8 қаңтарында тоқтатылғаны туралы ақпарат жариялаған.

Біз үміттенеміз, балаға түскен сынақтар, аяқталды деп.

Оқушылардың денсаулығына, өміріне және қауіпсіздігіне қамқорлық жасау біздің мектеп үшін басты іс екенін білесіздер. Біз нақты сынаққа тап болдық, бірақ мектептің барлық оқушылары үшін білім беру үрдісінің үздіксіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете алдық.

Алматы халықаралық мектебі ата-аналар мен студенттерге осы қиын кезеңде көрсеткен керемет шыдамдылық пен төзімділік, сенім білдіргендері үшін шын ризашылығын және құрметін білдіреді.

Құрметпен, Алматы халықаралық мектебінің әкімшілігі

Байланыс

МЕКЕНЖАЙЫ

Казахстан, г. Алматы, Сатпаева, 40Б

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

  • +7 (727) 274-48-08

  • +7 (727) 274-75-25

  • info@isoa.kz

International school of Almaty © 2000-2018. САЙТ СОЗДАН ДИЗАЙН-СТУДИЕЙ APPLE CITY CREATIVE

Search