22.09.23 күні, кешкі уақытта  Мектеп әкімшілігіне бір оқушының ата-анасының мәлімдемесіне сәйкес, құқық қорғау органдары оның баласына сексуалдық зорлық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.

Мектеп әкімшілігі мен қызметкерлері істің мән-жайын, шыңдығын анықтауға  толықтай мүдделі  және тергеу істеріне қолдау көрсетіп, жан-жақты көмек қолын созып жатыр.

Әкімшілік тергеу органдарына бейнебақылау камераларының барлық қажетті жазбаларын берді.

Сонымен қатар Мектеп келесі шараларды қабылдады:

  1. Бала білім алып жатқан сыныптың ата-аналарымен, Мектептің барлық сыныптарының ата-аналар комитеті мүшелерінің өкілдерімен ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры құпиялылық нормаларын сақтай отырып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
  2. Ата-аналарға мектептегі бейнебақылау камераларының барлық орындары көрсетіледі, сонымен қатар осы камералардан бейне жазбаларды көруге толық рұқсат беріледі.

Оқушының Мектептегі секундтық қозғалысы туралы ата-аналардың уәкілетті тұлғасымен жасалған хаттама бар.Бұл хаттама бойынша балаға қатысты зорлық фактілері тіркелмеген. Баланың ата-анасы көрсетілген бейнебақылау жазбаларын тексеруге толық қатысты.

  1. Мектеп ата-аналардың ұсыныстарын ескере отырып қосымша 5 бейнебақылау камераларын (1 сыныпта және 4 дәретханада) орнатылды, бастауыш сыныптардың қауіпсіздігіне жауапты мектеп ұжымының штаты ұлғайтылды.

Мектеп білім беру саласында қызмет ететін объектілерді терроризмге қарсы қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, жыл сайын уәкілетті бақылаушы органдардың тексеруінен өтеді. Мектепте соңғы рет Бостандық аудандық полиция бөлімі ағымдағы жылдың мамыр айында тексеру жүргізген. Реттеуші орган тарапынан мектептің бейнебақылау жүйесінің жұмысы туралы ешқандай түсініктеме берілген жоқ,  ұсыныс бойынша Мектептің кіреберісіне турникет орнатылды.

Бүгінгі таңда баламен болған оқиға Мектеп аумағында болғаны дәлелденбеген.

Осы арада жалған және сенімсіз ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз.

Байланыс

МЕКЕНЖАЙЫ

Казахстан, г. Алматы, Сатпаева, 40Б

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

  • +7 (727) 274-48-08

  • +7 (727) 274-75-25

  • info@isoa.kz

International school of Almaty © 2000-2018. САЙТ СОЗДАН ДИЗАЙН-СТУДИЕЙ APPLE CITY CREATIVE

Search