Қазақстан Республикасының Президенті

Қ. К. Тоқаевқа

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Біз, Алматы қаласының Халықаралық мектебінің ата-аналары, әкімшілігі мен педагогтары, Сізге Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарының кепілі ретінде, мектеп төңірегіндегі қалыптасқан жағдайға байланысты балаларымызды қолдау және қорғау үшін жүгінеміз.

Мектеп оқушысының анасының өтініші бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық істі тіркеп, қазірде тергеу әрекеттерін бастап, балаға қатысты зорлық-зомбылық жасау дерегін анықтау бойынша сараптама тағайындады.

Өзіміз де ата-ана болған соң, бала үшін жүрегіміз езіліп, уайым кешудеміз, ата-анасының оны қорғауға деген талпынысын жақсы түсінеміз және қолдаймыз. Алғашқы күннен бастап біз осы мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынудамыз. Осы хат арқылы біз мектепке де, құқық қорғау органдарына да еш қысым көрсетпей, шынайы, әділ тергеудің жүргізілуін қамтамасыз етуді сұраймыз.

БАҚ және әлеуметтік желілерде осы оқиға бойынша ақпарат таратылуда. Көбінесе бұл мәліметтер мерзімінен бұрын (тергеу шаралары әлі аяқталған жоқ) және, тіпті, дәйексіз сипатта берілуде. Осылайша, ақпарат көздерінде бұл оқиға мектеп аумағында болды деген пікірлер айтылып жатыр, бірақ тергеу шаралары аяқталмай тұрып, ешкім, әсіресе, тергеуге тікелей қатыспайтын баспасөз өкілдері қылмыстың қайда және оны кім жасағанын нақты біле алмайды. Мектеп пен оның әкімшілігін де қысым жасайды деп негізсіз кінәлауда. Әкімшілік тарапынан тергеуге де, ата-аналарға да бірде-бір қысым жасау фактісі болған жоқ.

Алайда бұл айыптаулар жұртшылықтың мектепке, оның әкімшілігіне, қызметкерлеріне, ата-аналарына және оқушыларына деген теріс көзқарасын қалыптастырды. Ақпараттық кеңістікте бәріміз үшін нағыз қорлау жасалуда. Мектептің электрондық поштасына, телефондары мен аккаунттарына қорлау сөздер келіп түсуде, тіпті, қызметкерлердің көзін жойып, мектепті өртеуге дейін баратындығын айтып қорқытуда.

Шын мәнінде, алғашқы күндерден бастап мектеп ұжымы тергеуге толық жәрдем көрсетіп келеді, тергеу органдарына бейнебақылау камераларының барлық жазбалары берілді, жазбаларды бала ата-анасының өкілі де қарап шықты, ата-аналарды хабардар ету және балалардың қауіпсіздігін күшейту жөнінде шаралар қабылданды.

Ақпараттық және психологиялық қысым біздің балаларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді деп қатты алаңдаймыз. 

Сондай-ақ, тергеу жүргізілу барысында көптеген жағымсыз және агрессивті ақпараттың қысымы алаңдатады, тергеу амалдары әділ болуы маңызды, сондықтан бұндай келеңсіздікке жол берілмеуі керек.

Теріс пиғылды БАҚ жарияланымдары ақпарат құралдарының қызметіне тән болуға тиісті әділдік, заңдылық, шынайылық, жеке өмірге құрмет, адам мен азаматтың ар-намысы, қадір-қасиеті сияқты негізгі қағидаттарын бұзып келеді деп санаймыз.

Құрметті Президент, жұртшылықты құқық қорғау органдарына өз ісін қысымсыз, араласуынсыз және сыртқы факторлардың әсерінсіз жасауға мүмкіндік беруге шақыруыңызды сұраймыз. Бұл жағдайда балаларымызды, ата-аналарымызды және мектеп ұжымын теріс пиғылды БАҚ-тан және олардың тергеудің әділдігіне жасалатын ықпалынан қорғау қажет.

Зор құрметпен,

Алматы қаласының Халықаралық мектебінің ата-аналары, әкімшілігі және педагогтары 

09.10.2023 ж.

Байланыс

МЕКЕНЖАЙЫ

Казахстан, г. Алматы, Сатпаева, 40Б

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

  • +7 (727) 274-48-08

  • +7 (727) 274-75-25

  • info@isoa.kz

International school of Almaty © 2000-2018. САЙТ СОЗДАН ДИЗАЙН-СТУДИЕЙ APPLE CITY CREATIVE

Search